Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Өркен балабақшасы


Ақтөбе қаласының білім бөлімі ұйымдастырған "Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала" республикалық байқауға балабақшамыздан үш отбасы қатысып, Құттымұрат Батырхан отбасы "Мейірімді отбасы",Наурызбаев Ұлан отбасы " Еңбекқор отбасы", Қобланов Айзат отбасы "Мейірімді отбасы" жоғары нәтижелі  номинацияларымен марапатталды.  Белсенділік танытқан отбасыңа алғыс айтамыз


Алғыс айту мерекесіне орай балабақша тәрбиеленушісі Артурұлы Нұрмұхаммед елге қызмет етіп жүрген жандарға Алғыс айтып келді




Ата аналармен жарыс өткізе отырып, ата аналардың балабақшамен байланысын қалыптасады. Бірлік пен татулық қасиеттері нығайта түспек






1 маусым балалар қорғау мерекесіне орай балалар мен ата аналарды педагогтар әдемі әуенмен сыйлық сыйлықпен қарсы алуда ата аналар жылы лебіздерін арнауда.






 






1 наурыз Алғыс айту күніне орай елімізге белгілі ақын Сулейменов Шынбергеннің балабақшамызға алғыс айту жырлары


Балабақша тәрбиеленушісі Тұрсынбек Ақбаян атасы ардагер — ұстаз Тұрсынбеков Қайырбек атамыздың Ұлы Жеңіс мерекемізге берген ақ бастасы қабыл болсын

 


"Тазалық – иманның жартысы" деген тәмсіл бар қазақта. Расында дәстүрін дінмен байланыстырған халқымыз әр нәрсенің мағынасын тереңнен түсіне білген. Ал тәрбиеміз қай уақыттан да дәстүрдің негізінде беріледі.

Біз бала тәрбиесіне басты жауапты екенімізді ұмытпаған дұрыс. Әсіресе балаға ес білгеннен бастап балабақшада болып, білімді де, тәрбиені де осы жерден парақтай таза санасына сіңіреді. Әдетте ауызбен айтып берген тәрбиеден гөрі көзбен көргенін тез қабылдайды және санасында сақтайды. "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" деген де содан шыққан.

Сондықтан біз балабақша тәбиеленушілеріне күнделікті айналаны таза ұстау, табиғатты аялау, гигиеналық тазалықты сақтауды жиі айтып отырамыз. Сондай-ақ сенбілік ұйымдастырылып, ұжым мүшелері тазалық акцияларынан да құр қалған емес. Ал оны көрген бала ертеңгі күні табиғаттың жанашыры болатыны даусыз.

Жалпы, тазалық алдымен өзгеден бұрын өзімізге қажет. Сондықтан тазалық мәдениетін қалыптастыруды, сана тазалығын өзімізден талап етуіміз керек. Сонда ғана ұрпағымыздың болашағы нұрлы болып, салауатты өмір салты салтанат құрады.

Қай елде қандай жағдай болмасын, ұрпақ саулығы қашан да алдыңғы орында. "Өркен" балабақшасының меңгерушісі Гүлбану Бақытжанқызының айтуынша, балабақшада ай сайын дизенфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Осы мезгіл ішінде терезелер арқылы іштің ауасы жаңартылып, талапқа сай тазалық жұмыстары жіті бақылаумен жүзеге асып жатыр. Бір айта кетерлігі, бүлдіршіндерді балабақшадан тараған уақытта жасалатын жұмыс, ешқандай ата анаға немесе балаларға кері әсер етіп жатқан жоқ. Керісінше ата аналарбалабақшада атқарылып жатқан жұмыстарға оң көзқараста дейді балабақша меңгерушісі.

Ал дезенфекция, дезенцекция, дератизаций- жыл сайын «Лидер Консалтинг Групп» ЖШС- мен  келісім шарт жасауда


Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана, әже және мен» республикалық байқауға Өркен тобының тәрбиеленушісі Ерғали Асылайым Мұхтарқызы әжесімен бесікке салу салт дәстүрін көрсетсе, анасымен әсем ән шықады. Нәтижесінде «Күн сәулелері» номинациясымен марапатталды.


Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек, дүниенің де тарихын тәрбиелейді.

А.С. Макаренко.

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Балабақша — бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы.

Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Жас ұрпақты кішкентайынан салт-дәстүрлер рухында баулу, құлағына сіңіру әдет-дағдысына айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Жақсылықтың бастамасы деп Өркен балабақшасында ата аналармен  «Екі жұлдыз» тақырыбында байқау жүргізілді. Байқауда ата аналарды жарыстыруды мақсат етпей, балабақшада тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндеріміздің өнерін көрсету, ұлттық дүниелерімізді толықтыра отырып, балабақшамен тығыз қарым –қатынас орнату. Ата ана балалармен ән айту, би билеу, салт дәстүрді насихаттау мен бірге ұмытылып бара жатқан ұлттық дүниелерімізді таныстырып, әр топқа ұлттық бұрышын жандандырып толықтырды. Киіз үйдің бөліктері мен киіз үйде орналасқан әр дүниенің өз орны тәрбиелік мәні бар екендігі айтылды. Ұлттық ыдыстар, ұлттық аспаптар, оюлы көрпешелер , ұлттық әшекейлер балалар үшін қызықты әрі ұлтқа деген сүйіспеншілігін арттырып отырды. Кеш соңында үлкендердің ақ батасы беріліп, ата аналарға балабақша меңгерушісі Жылкайдарова Г.Б алғыспен  қорытындыланды.


«Қысқы мүсіндер – қыстың сәні емес пе?! »

Ата аналармен бірге жүргізілген іс шара туралы анықтама

Ата –аналармен балабақшадағы қоғамдық жұмыстарға белсене араластыру, тығыз  байланыс орнату, салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді өмір сүру ұстанымын қалыптастыру  мақсатында балабақшамызда «Қысқы мүсін – қыстың сәні» ата анамен бірлескен балабақша ауласында түрлі қардан бейнелер жасалды. Қыстың алай – дүлей міңезіне ата аналар төтеп беріп, ұйымшылдықпен жиналды. Көңілді музыка әуенімен билей жүріп, белсенділік танытып жүрді. Балалармен бірге ата аналар да мәз болып, бала үшін балабақша ұйымдастырған шара үшін қуаныштарын жасырмады. Түрлі түсті бояуларды пайдалан отырып, қардан пингвин, аққала, жасыл шырша, ақ қоян, тасбақа жасап мәре – сәре болды. Ауызбіршілікпен жұмылдыра жасаған жұмыстары  өз нәтижесін беріп, балабақша ауласын сәндендіре түсті. Балалармен бірге ата аналар суретке түсіп, балабақша меңгерушісі Жылкайдарова Гүлбану Бақытжанқызы алғыс айтып сыйлықтарын ұсынды. Алдағы уақытта балабақша ұйымдастырған шараларға белсенділік танытуына шағырды.


2022 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Президентімен Табиғатта қоқысқа жол жоқ» атты жалпыұлттық экологиялық акциясының басталуы жарияланды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Өркен » бөбекжай балабақшасы да қалыс қалмады. Ақцияның өту мерзімі қазан айы.

Бірінші кезең 8 қазанда «Бірге таза Балабақша» балабақша қызметкерлерімен сенбілік жүргізілді.

Екінші кезең 15 қазан айында «Табиғаттың жанашырлары»  ортаңғы тобымен серуен жүргізілді



Өркеннің өрендері

Балабақша баланың жүйелі түрде білім мен тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы, бірінші биік баспалдағы. Балабақшада дұрыс тәлім – тәрбие алған ұрпақ болашақта өз орнын тауып, сапалы да саналы білім алуға тырысады. Жан – жақты тәрбиемен дамыту негізін қалайтын және денсаулық әліппесін үйрететін орын да – балабақша екенін білеміз.

      Бүгінде бүлдіршіндердің мәнді, мағыналы тәрбие алуы үшін үкімет пен жеке кәсіпкерлердің қоян – қолтық іс – қимылының нәтижесінде балабақшаға деген сұраныс едәуір азайды. Бұл айтылғандардың айқын дәлелі осыдан 3 жыл бұрын Ақтөбе қаласының Ақжар -2 елді мекенінде ашылған «Өркен» бөбекжай балабақшасы. Құрылтайшысы Кудайбергенова Гулнара Жәнібекқызы басқаратын «ЕСКАМ» ЖШС – гі мен жергілікті билік арасындағы мемлекеттік – кәсіпкерлік әріптестік шеңберінде бой көтерген ғимаратта – әр баланың жан – жақты дамуына толық жағдай жасалған. Мұнда бөбектердің денсаулық жағдайын, қызығушылық деңгейін ескере отырып, олардың көркем –эстетикалық, танымдық, сауықтыру қабілеттерін дамыту көзделген. Олар үшін заманауи сипаттағы спорт, музыка залы, өзін –өзі тану, қазақ тілі, информатика, логопед, ағылшын кабинеттері мен монтессори бөлмесі жабдықталған. Балаларға заман талабына сай жан – жақты тәрбие беруде жаңа үрдістер мен инновациялық технологиялар кең қолданыста. Осы бағытта интерактивті тақта мен сенсорлық панель тәрбиешілердің негізгі құралы.

   Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі – қазақтың салт – дәстүрлерін таныстырып ана тілінде түрлендіріп сол арқылы ұлттық мінез – құлықты қалыптастыру, баланың тілін дамыту. Ана тілінің қадір қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар, инабатты, биязы болып өсетініне өмір тәжіриебесі куә. Осыған орай балабақшамызда балалардың ана тіліне деген құрметін, сөйлеу мәнерін дамыту үшін «Көркем сөз әдебі» байқауын өткізу үрдіске айналған. Бүлдіршіндеріміздің жұлдыздай жарқырауына, тәлім – тәрбиесіне  әрине тәрбиешілердің, мамандардың еңбегі ұшан – теңіз. Біздің де мақтаныш етер мамандарымыз жетерлік. Атап айтсақ, Барбеева М. Сисенбаева Л. Кусбекова Б. Абатова С. Сисенбаева Д. Теңелбайқызы І. Сатканбаева А. Калекешова З. Суленова А. Боранбаева М -   өз мамандығын мақтан тұтатын бала өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын маман иелері. Ата аналарда балабақшаішілік шараларға белсене қатысып, өздерінің ризашылықтарын  білдіріп тұрады. Бүлдіршіндердің қалалық, облыстық түрлі жарыстар мен байқаулардағы жеңіс тұғырынан көрінген табысы ата ана мен ұжымның ынтымақты ауызбіршілік нәтижесі. Дені сау ұрпақ ұлт тәрбиесі десек, тәрбиеленушілерімізге салауатты өмір салтын үйретіп, отаншылдық рухта тәрбиелеу біздің де, ата ананың да ортақ міндеті. Екі жақтың мүддесі бір арнаға тоғысқанда ғана иманды, өнегелі бала баршаның көз қуанышы болмақ.


Ақтөбе қаласы Ақжар2 елді мекені

«Өркен» бөбекжай балабақшасы

Жылкайдарова Гульбану Бакытжановна

Меңгеруші

Пед стаж – 17 жыл

Бітірген оқу орындары: Қ. Жұбанов Атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті (2003 – 2008жж)

Баишев университеті  (2018 – 2020жж)

Мамандығы: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

ҚР «Знание Ақтөбе» оқу орталығы куәлік 2022ж

Мамандығы: логопед - дефектолог

Ақтөбе білім бөлім басшысы Алғыс хат 2019ж

Қазақстан Педагогтар Қауымдастығы «Үздік тәрбиеші төсбелгісі 2020ж» 

Ақтөбе білім бөлім басшысы  Құрмет грамотасы  2020ж

«Назарбаев Зияткерлік мектебі» Педагогикалық шеберлік орталығы куәлік 2021ж

«Самғау» республикалық ғылыми  әдістемелік орталығы «Зерделі ұстаз 2021» төсбелгісі

«Ұстаз жолы »ғылыми  әдістемелік орталығы Алғыс хат  2021ж

 «Назарбаев Зияткерлік мектебі» Педагогикалық шеберлік орталығы куәлік 2022ж

«Тағылым» ғылыми –әдістемелік орталығы Алғыс хат 2022

Ақтөбе басқарма  басшысы  Құрмет грамотасы  2022ж

 

Балалардың балабақшаға бейімделуі  

    Баланың әлеуметтенуі қашан, қайда басталады?  Әрине бірінші отбасында және балабақшаға келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен, балалармен танысады, мінез –құлық ережелері мен нормаларын меңгереді. Жаңа ортаға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай, кей жағдайда балабақшаға бейімделу көбінесе қиынға соғады. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды,балалармен және үлкен адамдармен  араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойын, ойыншық қызықтырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері: басқа адамға бұрын қалып көрмегендіктен, дәретке  өзі    отырып  үйренбегендіктен, кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ, қатты тамақты шайып үйренбеген балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата –аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшаға қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.

     Балаңызбен үйде сөйлесесіз бе? Оны мақтайсыз ба, оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба? Ата – аналардың балаға эмоционалдық әсері көбінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар. Жеңіл түрі – баланың міңез – құлығы 10 -15 күнде қалпына келеді. Орташа ауырлық бейімделу – 1 айдың ішінде, ауыр бейімделу – 2 айдан  6 айға дейін өтеді.

  Ертеңгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:

  • Баламен тез қоштасып үйреніңіз. Қоштасуды созбаңыз. Бала сіздің қобалжығаныңызды көріп  тынышталуы ұзаққа созылады. Балаға анық түсінік беру керек. Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі. 2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдай көп өзгеріске түседі. Сондықтан кеңес береміз.
  • Үйдегі жағдайда балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.
  • Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз.
  • Үйдегі жағдайда баланы өзіне – өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, дәретханаға сұрану т.с.с. киімдерді міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт, шалбар не болмаса замоксыз, белдеушісіз.
  • Баламен жағымды эмоцияналдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет,балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп, балаңызды сүйіп, балаға өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Есіңізде болсын – сіз көбірек жылылық білдірсеңіз сіздің балаңыз балабақшаға тез бейімделеді. Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.
  • Бірінші күні балабақшаға серуенге келгені дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға.
  • Жоспарлаңыз: балабақшаға бірінші келген мезгілінде балаңызды бірінші күні –ақ  күн ұзағына қалдырмауды. Балабақшаға жаңадан келген балалар алғашқы аптада 3-4 сағат одан әрі түске дейін, айдың аяғына таман егер тәрбиеші кеңес берсе күні бойына қалдырылады.
  • Кейбір балалар үшін аптаның ортасында жүйкесін тоздырмау үшін «демалыс» алуға да болады.
  • Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимін сақтау, эмоциялық жүктемесін түсіру қажет.
  • Балабақшаға тек ауырмай келуі қажет. Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жақтырмаса ,ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен бастап -–ақ үйреніп кететініне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның әдістемелік – педагогикалық қызметі бақылауға алады.