Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Өркен балабақшасы

Балаларды ерте дамыту иституты бастауымен " Дені сау ел сенен басталады" челленджі "Айналайын" балабақшасынан келген, қабыл алдық. Баршаңызды салауатты өмір салтын ұстауға шақырамыз. "Дені сау ел сенен басталады" челленджін Еркемай балабақшасына жолдаймыз. Қолдайық, бірге болайық!







Мамандық бір қарағанда жәй нәрсе болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бүкіл саналы ғұмырымыздың айнасы. Жүрек қалауыңмен таңдалған мамандық бойынша жұмыс істеу - өмір сүрудің материалдық қана емес, моральдық та көзі. Ол белгілі бір дайындық пен жауапкершілікті талап етсе де, өзің қалаған мамандық болған соң, оған аса үлкен шығармашылықпен бар ғұмырыңды арнайсың. Бас кезінде дұрыс таңдау жасалған болса, онда адам Кен Робинсон айтып жүрген «өз элементіне» ие бола алады. Сөздің түйіні, біздің педагогтар өз мамандығының мамандары


Сыйлай алатын үш дүнием: Махаббатым. Жылы сөзім. Уақытым


Тәрбиеші Шайгозова Әйгерім балаларына ақ шар үргізді тыныс алу жаттығуы жүрді, сосын шарға түрлі түсті қағаздан дене мүшелерін қиғызды, жапсырды, шығармашылық жұмысы жүрді. Нәтижесінде аққала пайда болды, балалар жұмыстарына дән риза

 




Ұжымның Шығармашыл педагог құрамы







1 сәуір күлкі күні, Алдар көсе туған күні






Атауы Жүктеу
1 Амангосова А
2 Барбиева М
3 Нуртазина А
4 Спанова Г.Б
5 Теңелбайқызы І



«Поэзия менімен егіз ба едің» атты Мұқағали ақынды еске алуға арналған әдеби-сазды кеші

Кештің мақсаты: Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау.

М.Мақатаевтың поэзиясының халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін таныту, сезіндіру, шығармашылығының музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндері көпшілік назарына ұсыну.
Көрнекілігі: слайд, кітап көрмесі,ақынның өз дауысымен оқылған өлеңдері.
Сахнада ақын жайлы слайд. «Есіңе мені алғайсың» әні (баяу ойналып тұрады)

1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді қауым,қадірлі қонақтар!

 «Барлығы да, Поэзия, сен үшін»,-деп əдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы һəм бірегей сардары ретінде салтанат құрған Мұқағалидың құдіретті өлеңдері халқының жүрегінде. Шындығында, Мұқағали бойындағы тамаша талантын жұртына арнаған.

 Ендеше, бүгінгі кешіміз Хантәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі - Мұқағали Мақатаевқа арналады.

 Ақынның туған күні- 9-ақпан. Бұл күн қай жерде болмасын жыл сайын ақпан айында тойлана беретіні хақ.

 Ендеше, ақын шығармашылығына арналған «Поэзия менімен егіз ба едің» атты әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер!!!

 Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық -шынымен бақытты халық. Иә, Мұқағали - ғажайып, ақиық, сыршыл, гуманист ақын. Оны біреулер «көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дауыстарға толы жұмбақ ақын» десе,

 кейбіреуі:«Жоқ ол - қара өлеңнен қаймақ қалқыған қарапайым ақын, өлеңін бәріне түсінікті тілде жеткізген таңғажайып ақын» дейді. Өзінің 1834 өлеңімен миллиондаған, тіпті миллиардтаған жүректі жаулап алып, бірде жылатқан, бірде қуантқан Мұқағалиды ақын емес деп көріңіз..! Поэзия патшалығындағы пайымдауы өзгеден бөлек ақын жебелі жырын жүректерге ерекше үнмен, соны серпінмен жеткізді.

Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындар кемде кем.дей келе келесі кезекті ақынның әсем әндеріне берейік.

Айтылар естеліктер мен туралы

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы

Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін

Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы ия ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер айтылып,лебіздер жазылуда.Ендеше ақынның өзі туралы жазған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап алайық.

Келесі кезекті ақиық ақын М.Мақатаевтың өлең жырларына береміз!

«Сәби болғым келеді» Ақжібек Абдурахманова

Ақын түс көреді.Түсінде «Шешем басында ақ жаулығы бар,Абай атамыздың қасынан қуана басып,маған күліп келе жатыр».Ояна келсем түсім екен.Анам бақытты болады екен деп ұзақ толғаныстан соң «Шеше сен бақыттысың» деген өлең жолдары дүниеге келді.

М.Мақатаев «Шеше сен бақыттысың» Сисенбаева Даража

«Бақыт деген не өзі» Бибінұр Асылбекқызы

Отан!

Отан!

Сен болмасаң не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем.

Өмірден бұл өксуменен кетер ем.

«Үш бақытым»Іңкар Тенелбайқызы

Түзу,түзу жыртылған аңыздайын

Аңызыма неге нәр тамызбайын

Қара өлеңі қазақтың қаза болса

Қара көзден неге қан тамызбаймын.

М.Мақатаев: «Бұл қалай», «Шыда» Айзада Болатбекқызы

Қазаққа тән қара өлеңге табынды

Ата баба дәстүрінен ап үлгі

Ұшан теңіз ұлылықты паш еткен

Мұқағали поэзия алыбы

М.Мақатаев: «Ей өмір» Гүлзат Бақтыгерейқызы

Қазынам бар біреуге берсемба екен

Өкпелейдау бермесем,берсем бөтен

Бар байлықты қойныма тығып алып,

Әлде мына құмдардай өлсемба екен

М.Мақатаев. «Табиғат» Айжарқын Амандыққызы

Ақын болсаң алмас бол тайпалмаған,

Сен айт менің ойымды айта алмаған деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген Мақатаев жырлары,бүгінгі кеш барысында тыңдармандарымызға шабыт беріп,өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдеміз.Олай болса поэзия кешіміздің қорытынды сөз кезегін «Өркен» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Гүлбану Бақытжанқызына береміз.

(бүгінгі поэзия кешіне қатысқан қатысушыларды ортаға шақырамыз)

Қара саз,қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам,жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас,алайда өлеңді ешкім деп ақынның өзі айтқандай, өмірден өзі кетседе,оның өлеңі өшпей жалғасын тауып келеді.Бүгінгі поэзия кешіне қатысқан өнерпаздарымызға алғысымызды білдіреміз.Хош сау болыңыздар!