Ерке ерке еркем ай, қылығымен көркем ай
Наурыз ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртатын мереке. Балабақша ұжымы да ұлттық мерекемізде дәстүр мен жаңашылдықтан құр қалмады. Жылымыз жақсылыққа толы болсын.
Жүзге келген әжейдің ақ батасын қабыл алыңыздар, Ерназардай шөбере сүйген, шөпшек алақанынан май жалаған бақытты әжей
Наурыз мерекесіне Күнеш атаның батасы
90 жасқа таяу қалған әжеміздің ақ батасын қабыл алыңыздар
Биылғы онкүндік наурызнама күніне орай 17 наурыз Шаңырақ күні. Шаңырағымыз шаттыққа толсын. Накенов Мирас баламыздың әжесінің ақ батасы қабыл болсын
Қош келдің Әз Наурыз, еліме, жеріме
Балабақшамызда мерекеге сай Қазақтың салт — дәстүрлері жаңғырып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді
Балабақшамызда Наурыз мерекесі кең ауқымда өткізілді
Наурыз - жыл басы!
Тақырыбы:Наурыз - жыл басы! «Құлпынай» тобы
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз де келіп қалды. Мерекелерңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелер келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз той құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
1-жүргізуші:
Наурыз келсе, құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
2-жүргізуші:
Той пернесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Той шашуға тойыңдар,
Бұдан кейін ойын бар. (шашу шашылады)
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
2-жүргізуші:
Уа, жарандар, жарандар!
Көңілің бар алаңдар.
1-жүргізуші:
Ата менен анаң бар,
Үлкен кіші ағаң бар.
2-жүргізуші:
Наурыз тойы басталды,
Бәрің бері қараңдар
1жүргізуші:
Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қадам болмасын мекен-саяқ.
Ән шырқап би билейтін қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.
Балалардың тақпақтары:
Наурыз тойың , Наурыз тойың,
Құтты болсын халайық.
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Хор: «Наурыз той»
Доңыз жылы кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
Құтты болсын Наурыз той!
Құлпырып тұр қыр мен ой.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Қыс өтіп , қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
Ұлыс бақыт әкелсін,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын.
Ұлыс оң болсын,
Бестік баға мол болсын.
Көктем жетті көл-көсір шуақ болып,
Қыс барады қиылып жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр,
Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
Ән. «Наурыз думан»
Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел Наурыздыы тойлайды.
Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Қуанышты ел енді,
Наурыз келді салтымыз.
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.
Жарқырап күніміз,
Жайқалып жас гүліміз.
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан.
Ән: «Шақырады көктем»
Наурыз қыз: Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.
Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.
Сондықтан да, тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп, жақсылық шашады екен.
- Балалар, бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.
Тапсырмалар:
- Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?
Ананың сүті тәтті,
Ананың қолы жұмсақ,.
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысчы болмаса ел жетім.
- Қандай ырым мен тыйым сөздерді білесіңдер?
Малды теппе,
Ақты төкпе,
Отты шашпа,
Күлді баспа,
Бүйіріңді таянба,
Жағыңды таянба,
Бос бесікті тербетпе,
Бесікті ашық қалдырма
- Жеті атаңды ата.
Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат
- Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, іркіт т.б.
- Наурыз көже қалай жасалады?
Наурыз көже жеті түрлі тамақ қосу арқылы жасалады.
- Ұлттық ойындарды ата.
Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ т.б.
- Жеті қазынаны ата.
Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.
- Үш алысты ата.
Кәрім мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.
Би: «Түркістан»
Құт- береке Наурыз айым келді деп,
Жер ттүледі жасыл-желек желбіреп.
Айналайын атамекен, кең далам,
Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.
Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңіліңді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз-мейрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,
Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін.
Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің!
Бата беру
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыстың ұлы күнінде
Ұлыс оңға қонсын.
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына салынсын!
Әумин!
Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Әсіресе құдайы көршіге алдыңғы ретте кіріп шыққан жөн, деп жазады
Шығыс елдерінің кезіндегі күнтізбесі бойынша наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Хамал деп отырғанымыз Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан.
«Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген. Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келіп отыр.
Көрісе отырып, бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасың қайырлы болсын!» деп айту керек. Адамдар үй ішін жуып, тазалап, ауланы да ретке келтіріп қояды.
14 наурыз күні таң біліне бастағанда ешкім ұйықтап жатпауы керек. Әсіресе қарты бар үйлер ерте оянып, көрісіп шығатын адамдарды күтіп отырады. Міндетті түрде әр үй дастарқанын толтырып, бар тәттісін қойып, бауырсақ, жеті шелпек пісіреді.
Көрісу күніне ешкім арнайы шақырылмайды, жайылған дастархан жиылмайды. Адамдар бір-біріне түске дейін көрісіп шығуға тырысады. Түске дейін нағыз мейрам сезіледі. Ал кешігіп қалғандар болса, біртіндеп кешке дейін келе беруіне болады.
үйінің дастарқанынан дәм алып кетеді. Адамдар жаңа не таза киім киеді. Өкпе-ренішті ұмытып, көрісу күнінде адамдар бір-бірімен табысады. Көрісе шыққан адамды қабақ шытпай көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, дастарқанға шақырады.
Біреуден қарыз алған болса, қарызын осы күнге дейін иесіне беріп тастауға тырысады. Көрісу күнінің рәсімі бойынша ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер болса, құшақтасып, беттерінен сүйіп көріседі. Тек келіндердің аталарымен және қайынағаларымен көрісулеріне болмайды деген ырым бар.
Бұл күні ешкім ешкімге ренжімей, жайдары жүру керек. Көрісуге келмеген адамға «Көрісіп шықпады» деп реніш білдіру орынды саналады.
Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен!