Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Өркен балабақшасы

1) Мекеменің толық атауы: ЖШС «Ескам» «Ертөстік» бөбекжай-балабақшасы

2) Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы және нақты орналасқан жерінің мекен-жайы): Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы , 12 шағын аудан 54 «д» үй.

3) Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электронды пошта, webсайт): 871 32 90-82-08, электронды поштасы ertostik_sad@mail.ru инстраграмм: ertostik_ds

Сайт:http: http://eskam.kz

4) Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері: Есенгазина Мадина Елемесовна, 2024 жылы 3 қаңтарда №8/Л ЖШС «Ескам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшысының бұйрығымен тағайындалды

5) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы 2023 жылғы 14 желтоқсан №KZ29RVK00054479 берілген хабарлама.

6)Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі 02-036-050-129 Жалпы алаң: 883,1шаршы м. Жер учаскесінің алаңы: 2305,6 га. Мектепке дейінгі ұйымның ғимараты автономдық жылу жүйесіне қосылған, салқын және ыстық сумен толық қамтамасыз етілген.

2023 жылдың 14 желтоқсанынан бастап санитариялық- эпидемиологиялық қорытындысы №D.04.X. KZ08VWF00123592 Берілген қорытынды: Мектепке дейінгі ұйымның санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сай. Мектепке дейінгі ұйымның санитариялық ережелер мен гигиеналық нормативтерге сай. Балабақшаның жаңа оқу жылына дайындығы туралы актісі бар. Санитарлық-эпидемиологиялық өрт қауіпсіздігі қызметтерінің қорытындысы мен тексерілген актілері бар. Мектепке дейінгі ұйымның ішкі және сыртқы келбеті СанЕмН талаптарына сай. Стандарт жүйесіне байланысты еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балабақшада толыққанды жұмыс жақсы жүргізілген. Мекеменің қауіпті жағдайларда эвакуациялау жоспары ғимарат ішінде белгіленген. Жұмысқа жаңа қабылданған қызметкерлерге алғашқы кіріспе нұсқулықтар оқылады. Әрбір тоқсан сайын қызметкерлермен қауіпсіздік нұсқаулықтарды сақтау туралы кеңес өткізіліп, журналдарға қол қойылып отырады. Балалар мен қызметкерлердің жарақаттануы тіркелмеген. Мекемеде өрт қауіпсіздігі жөнінде, еңбек қауіпсіздігі жөнінде, балалардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау жөнінде нұсқаулықтардың барлығы бар, құжаттары талапқа сай жүргізілген.

Материалдық - техникалық және әлеуметтік базасы

Балабақша 3 қабаттан тұрады:

Бірінші қабат: меңгеруші, әдіскер, асхана, робототехника бөлмесі, кір жуатын бөлме, 2 топ, медициналық блок (медбике кабинеті, оқшаулағыш, екпе бөлмесі, тұзды шахта), бассейн.

Екінші қабат: 3 топ, музыкалық зал, дене шынықтыру залы, көркем сурет студиясы.

Үшінші қабат: 4 топ, психолог кабинеты, қазақ тілі кабинеті

Барлығы талапқа сай жабдықталған.

«Ертөстік» бөбекжай-балабақшасы балаларды сауықтыруға және денсаулығын дамытуға, жан-жақты оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға барлық жағдай жасалынған.

Мекеме әкімшілігі материалдық-техникалық базаның нығаюына көңіл бөледі.

Балабақшаның материалдық базасы жыл сайын толықтырылып отырылады. Оқу-тәрбие жұмысына қажетті музыка орталығы бар. Балабақшада 3 компьютер, 4принтер, 2 сканер, 2 ксерокөшірме аппараты, экран бар. Топтар парта, отырғыш, кереует, шкафтармен толық жабдықталған. Барлық топ ойыншықтар, жиһаздар және сюжетті ойын бұрыштары жиһаздарымен жабдықталған. Топтарда ойын бұрыштары мемлекеттік стандарт талаптарына сай безендірілген.

Балабақшада қажетті тұрмыстық бұйымдармен: кір жуатын машина, тоңазытқыштар, мұздатқыштар, су сүзгісі (фильтр) құралы, ауа баптағыш, үтіктейтін аппарат, т.б. жабдықталған. Төсек орын әр балаға 3 данадан, ыдыстар барлық топтарда жеткілікті, үнемі жаңартылып, толықтырылып отырылады. Медициналық бөлме, асхана бөлмесі қажетті құралдармен жаңартылып талапқа сай жабдықталған, СанПин талаптарына сай. Қызметкерлермен лауазымдық міндеттері және еңбек қауіпсіздігі нұсқаулықтары бар және балалардың, қызметкерлердің жарақаттану жағдайын тіркеу журналы жүргізілген.

Ас әзірлейтін бөлме – 85,9 ш/м, 2-газ плита, 2-пеш (бөлек), 2-мұздатқыш, 2-тоңазтқыш, 2-электр ет тартқыш, қамыр илегіш -1, дайын және шикі күйіндегі азық-түліктерге арналған үстелдер, ас үй жабдықтары нөмірленген, санитарлық талаптарға сай. Ас үйде 2 аспаз, 1 ас үй жұмысшысы, шаруашылық меңгерушісі жұмыс жасайды. Шикі өнімдерді сақтайтын қойма 3 бөлмеден тұрады. Өнімдер сертификаттары талапқа сай жинақталған. Өнімдерді тіркейтін кіріс-шығыс журналдары жүргізіледі.

«Ертөстік» бөбекжай-балабақшасы медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, арнайы кабинет бар. Медициналық бөлме қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Дезинфекциялық құралдарды дайындауға арналған бөлме толық жабдықталған. Медициналық кабинет екі бөлмеден тұрады: 1)Медбикелердің жұмыс орыны 2)оқшаулау бөлмесі, стерилизатор бөлмесі, Балаларға медициналық көмек көрсету үшін 1,5 медбике штаты, 0,25 дәмбике штаты, 1 физ кабинет бірлігінде медбикесі жұмыс жасайды. Медбикелердің медициналық арнаулы білімдері, медициналық білім қызметіне сертификаттары бар.

  • Меңгеруші кабинеті: жұмысқа арналған үстел, сөре, компьютер, ноутбук, принтер, түрлі түсті принтер, видеобақылау мониторы.

  • Музыкалық зал: үлкендер мен балаларға арналған орындықтар, музыкалық аппаратура, синтезатор, проектор, экран.

  • Дене шынықтыру залы: ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне арналған құрал – жабдықтар.

  • Әдістемелік кабинет: педагогтер мен балаларға арналған әдебиет қоры, көрнекілік құралдар, музыкалық аспаптар, үлестірме материалдар, компьютер, принтер, ламинатор, қағазды кесуге арналған аппарат, мұқаба машинасы, сабаққа арналған көрнекі материал, әдістемелік құрал жиыны, жыл мезгілдері бойынша суреттер жиыны, заттық сурет жиыны, электрондық оқу баспасының жиыны, жемістер, жидектер, санырауқұлақтар муляждары, "Пайдалы қазбалар" үлестірмелі коллекциясы, зерттеу әрекеттеріне арналған құралдар, "Арнайы көлік", «Есеп материалы», костюмдағы қуыршақ, ертегідегі қуыршақ-кейіпкерлер, ұлттық ойынщықтар, тіл дамыту бойыншы мазмұнды суреттер, телефон.

  • Қазақ тілі , психолог кабинеттері, көркем сурет студиясы жан – жақты жабдықталған.

Мектепке дейінгі мекеме әкімшілігі материалдық-техникалық базасының нығаюына көңіл бөледі.

Мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасы қанағаттанарлық. Әр топтың өз ойын алаңы бар, ойын алаңдарын жабдықталған.

Мекеменің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту жұмыстары құрылтайшының қаражатынан жүргізіледі.

Жеке тұлғаны дамыту орталығы:

- ойын іс-әрекетіне, әр түрлі ойлау қабілеттеріне қажетті құралдар және материалдармен;

- жапсыру, сурет, құрастыру іс -әрекеттеріне қажетті құралдар;

- балалардың қимылдық іс-әрекеттеріне қажетті спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

- Әр топта үстел үсті ойындары, құрастыру материалдары жеткілікті мөлшерде.Шығармашылық қиял және театр қызметі арқылы қоршаған ортамен таныстыру мақсатымен әр түрлі театрлар дайындалған. МДҰ- да және ата-ананың барлық қарым-қатынасы келісім шарт арқылы жүргізіледі. Онда ата-ананың төлем ақысы (тамақтану, балабақша міндеті, ата-ана міндеті) көрсетілген.