Көктемнің алғашқы күніне жандарыңыз жадырап, жүздеріңіз жайнап, көңілдеріңіз қызғалдақтай құлпырып қадам басыңыздар. Қазақ үшін жыл басы болып есептелетін берекелі де мерекелі қасиетті ай НАУРЫЗ келді. Биылғы жыл басы ырыс - құтпен басталсын, Жер анамыздың берер ырзығы көп болсын, отауыңыз жанға, қораңыз малға толсын, шаңырақтарыңызға бақ қонып қыдыр дарысын!
Көзді ашып-жұмғанша, "қаһарлы" қысымыз да бізге қол бұлғайын деп отыр. Аркүні – күлімдеген көктемнің алғашқы күні...
Қыстан аман-есен шығуымыз құтты болсын!
Алланың сыйға тартқан әр күні бізге жақсылығымен келсін!
Шаңырақтарыңыздың астынан шаттық кетпесін!
Береке-бірлік пен ырыс-ынтымақ мәңгі серіктеріңіз болсын!
Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
Уайым-қайғы дегенді білмей өтіңіздер!
Ұл-қыздарыңыздың амандығын берсін! Тілек білдіруші:Күлімшар тобының балаларымен ата аналары.
Тәрбиеші:Оразғалиева Динара Алтынбекқызы