Құм терапиясы — адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Құмдағы терапиясының қолданудағы мақсаты:
1. Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастыру.
2. Танымдық және психикалық процестерді дамыту; түйсікті (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістіктік түсінікті, қолдардыңұсақ моторикаларын дамыту.
3. Ауызша және ауызша емес әдіс тәсілдерді қолдана отырып, тәжірибелік қарым — қатынастық біліктіліктер мен дағдыларды жетілдіру.
4. Қиялды, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік — логикалық ойлауды, көрнекі іс — әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту, балаларды белсенді іс — әрекетке және зейіннің шоғырлануына тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Танымдық сезімдерін дамыту (зейін, жады, қиял, қабылдау)
2. Интеллектуалдық ортаны қалыптастыру – ойлай білу, көрнекі — шынайылық, көрнекі — бейнелік, сөздік — логикалық, шығармашылық ойлау.
3. Эмоционалдық және коммуникативтік ортаны (қарым — қатынастың табысты ағымына қажетті, ауызша және ауызша емес құралдарды қолдана отырып) дамыту.
Құм терапиясының маңыздылығы:
• сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлау мен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.
• Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.
Құм терапиясын 3 жастағы балалармен бастауға болады. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп ойлайды, бірақ менің тәжірбиемде терапияның еркін әдіс екені көрсетіледі.
Мысалы көгілдір түсті құмзар, онда бала мен ересек бірлесе ойнайды. Ойында ойыншықтар қолданылады.
Балалармен жұмыс істеу барысында балалардың сөйлеуі және сөздік қорларының кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы және бір-біріне мейірімділік шыдамдылық танытпауы басым.
Құм – өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенін сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.
Құммен ойын — балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.
Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.
Тәрбиешіге түрлі мінездегі балалармен жұмыс істеуге тура келеді. Мен өзімнің тобымда балалардың сөздік қорларының дамуына және жалпы өзін -өзі ұстау жұмыстарына назарымды аударамын. Осы жұмыстарды шешудің бірден-бір жолы «Құм терапиясы». Біз топта жыл бойы құмды қолданамыз. Балалар құммен ойнауды өте жақсы көреді. Жазғы маусымда балалар шаршамастан бірнеше ай бойы құмзарда «еңбектенеді»: түрлі кеңсарайларды жасап, түрлі тоқаштар «қуырып», торттарды жасайды. Құм балалардың өзара түсінушіліктерін табуға көмектеседі. Құм агрессиялық қуатты шешеді, сондықтан құмзарда ойнап отырған барлық балалар бірге ойын жоспарлап оны жүзеге асырады. Балалардың бір-бірімен қарым- қатынас жасауға мүмкіндігі туады да, ол тілдік және коммуникатвті дамыуына жағымды әсерін тигізеді.