Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Өркен балабақшасы

«ЕСКАМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«Өркен» балабақшасы

 

«ЕСКАМ» ЖШС «Өркен» балабақшасының

өзін-өзі аттестаттау қорытындысы

 

Ақтөбе, 2025 ж.

 

«ЕСКАМ «ЖШС «Өркен» балабақшасының

өзін-өзі бағалау

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Ақтөбе қаласы 15 желтоқсан 2025 жыл

 

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 62) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсан №486 «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы», Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 634 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық негізінде «Өркен» бақшасында өзін-өзі аттестаттау өткізілді.

Өзін-өзі аттестаттаудың мақсаты: ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемелекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талабына сай жүзеге асырылуын анықтау.

 

Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер:

       1) Мекеменің атауы: «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» «ЕСКАМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Өркен» балабақшасы. Пайдалануға берілген жылы: 08.10.2018 жылы құрылды. Сыйымдылығы 168 орын.

     2) Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Алматы ауданы, Ақжар-2 , көшесі Бозқараған - 1

    3) Заңды тұлғаның байланыс деректері: 87758880743, электронды поштасы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

БИН:180740002412

Инстаграм парақшасы: orken.balabaksha

Балабақша сайты: http://eskam-orken.testim.kz/

Ютуб каналы: Gulbanu Orken

    4) Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері: Жылкайдарова Гульбану Бакытжановна 2018 жылдың 1 қараша айында, ЖШС ЕСКАМ «Өркен» балабақшасының директоры: Кудайбергенова Гульнара Жәнібекқызының 

       № 01-Л бұйрығымен меңгеруші қызметіне тағайындалды.

    5) Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары: «ЕСКАМ» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Өркен» балабақшасының ЖАРҒЫСЫ

Рұқсат беру құжаттары: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласын дағы қызметтің басталғаны туралы 2018 жылғы 08 қазан айындағы №KZ35RVK00017899 берілген хабарлама. 

Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар: 1) Білім беру ұйымының білім беру салаларының және ұйымдастырылған оқу қызметінің МЖМБС талаптарына сәйкес ЖШС ЕСКАМ «Өркен» балабақшасында оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті-басқару құжаттарына негізделіп іске асырылады.

Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, күніне 10,5 сағат. Балабақшада сыйымдылығы 168 орын, 7 топ жұмыс жасайды. Казіргі таңда 168 бала тәрбиеленуде, 3-5 жас аралығындағы балалар қабылданады. Күн тәртібі бойынша балалар 5 мезгіл тамақтандырылады. Балабақшаға тәрбиеленушілер контингенті Dara Bala kz сайтының Ваучер арқылы тіркеледі. 

 ЖШС ЕСКАМ «Өркен» балабақшасында 7 топ жұмыс жасайды.

Білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына» негізделген. 2025-2026 оқу жылдарының перспективалық жоспарлары және циклограммалары педагогикалық кеңесте талқыланып, басшылықпен бекітілді.

Оқу жоспарының мазмұны «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген (өзгеріс: 12-тармақ жаңа редакцияда -ҚР Оқу – ағарту министрінің 23.01.2025 №12 бұйрық) (бұдан әрі - Стандарт) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыруда.

«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (өзгеріс: 16.01.2025 жыл №7 бұйрығы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейнгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары);

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен (өзгеріс 14.10.2022 № 422 бұйрығы) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 1435 болып тіркелген ) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес жүзеге асырады.

«Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2025 – 2026 оқу жылында тәрбиелеу – білім берум процесін ұйымдастыру туралы» әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа алынды. Мектепке дейінгі оқытудың барлық жас ерекшелік сатысындағы мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім беру стандартын әзірлеуге талаптарда белгіленген санитарлық – гигеналық нормалар мен ережелерге сәйкес келеді.

«Өркен» балабақшасында 7 топ жұмыс жасайдыОлар: Ортаңғы топ (3 жас) -4 топ (қазақ тілінде)

Ересек қазақ топ (4 жас) -2 топ (қазақ тілінде)

Мектепалды топ (5 жас) -1 топ (қазақ тілінде)

Перспективалық жоспарында балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, оларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту бойынша білім беру міндеттерін орындау талапқа сай қарастырылды. Дене тәрбиесі, Қарым қатынас іс-ірекеті, танымдық іс -әрекет қимыл,, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік , дағдыларды ерте жастағы балаларды қалыптастыру мақсатында үлгілік оқыту бағдарламасы бойынша перспектива құрылып, циклограмма жазылуда, Ұйымдастырылған оқу қызметінде педагогтің жетекшілігімен ойын, құрылымдалған ойын, еркін ойындар кіріктіріліп, оқу тәрбие жұмыстары жүргізілуде.

 

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша

жұмыс жоспарының орындалуы

«Адал азамат » біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт-дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру бойынша «Адал азамат» біртұтас тәрбие мақаласындағы бастамаларын қолдай отырып, оның идеяларын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары жазылып, қыркүйек айында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы» тәрбиеленушілер арасында музыкалық ертеңгілік, «16 желтоқсан- Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» іс-шара, «Туған елдің ұланымыз» атты көркем оқулары өткізілді. Әр жыл сайын жоспарға сәйкес салауатты өмір салтын ұстану мақсатында «Дені саудың, жаны сау» педагогтар мен тәрбиеленушілер, ата аналар арасында сайыс өткізіліп отырады. «Отбасылық спорттық сайыс», «Әке асқар тау» тақырыбында педагогтар ұйымдастырылған командалық жарыстар өтеді. «Салт дәстүрім - қазынам», «Наурыз – жыл басы», «1-мамыр – Қазақстан халықтарының достық, бірлік мерекесі» «9 мамыр Ешкімде ешқашан ұмытылмайды» ертеңгілік, тақырыптық сағаттары өткізіледі. «Туған жер!» бағдарламасы аясында көркем оқу сайысы, қол көрмесі, сурет көрмесі, «Біздің болашағымыз» тақырыбында ата-аналар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

 

Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін пәндік-кеңістіктік дамытушы орта құру.

«Өркен» балабақшасы балаларды сауықтыруға және денсаулығын дамытуға, жан – жақты оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға жағдай жасалынған.

Балабақшада дене тәрбиесі мен музыка залы қарастырылған, сондай-ақ меңгеруші, әдіскер, медициналық кабинет, қазақ тілі, қабылдау кабинеті, психолог, логопед, монтессори кабинеті, кір жуу бөлмесі, асхана кабинеттері талапқа сай жабдықталған. Балабақшасында өзін өзі аттестаттау кезінде «Мектеп жасына дейінгі баланың денін сауықтыру және шынықтыру мақсатында 7 топта 5 дағдысы бойынша бұрыштар жабдықталған, қажетті барлық спорттық құрал-жабдықтармен –дерлік жабдықталған. Пәндік дамытушы ортада балалардың сөйлеу, танымдық, эстетикалық дамыуына қолайлы жағдай жасалған. Баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін пәндік-кеңістіктік дамытушы орта , заттық-кеңістіктік орта , дидактикалық ойындар, ертегілер атрибуттары, көрнекіліктер т.б. толыққанды жабдықталды.

 

Музыка залы

Заттық дамытушы орта

Асхана бөлмесі 

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі бар педагогтар туралы мәлімет.

Қазіргі уақытта «ЕСКАМ» ЖШС «Өркен» бөбекжай балабақшасында барлығы 14 педагог жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі педагог-қызметкерлердің штаттық кестесі ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі штаттық кестесіне сәйкес жасалған және қалалық білім бөлімі тарапынан бекітілген. Мектепке дейінгі ұйымда кадрлар тұрақты.

2025-2026 оқу жылында барлығы 14 педагог жұмыс жасайды.

Оның ішінде жоғары білімдісі – 4 педагог (23%)

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» жоғарғы мамандығы бойынша – 3 педагог (23%)

Арнаулы орта білімдісі – 0 педагог (0%)

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» орта мамандығы бойынша – 10 (77%)

Жоғарғы санатты: - 0

Бірінші санатты: - 0

Екінші санатты: - 0

Педагог-модератор: - 4 (23 %)

Сарапшы - педогог:0

Зерттеуші-педогог 0

Санаты жоқ: - 10 (70%)

 

Біліктілік курсынан өткен педагогтар: «Өрлеу» - 12 педагог (80 %)

Жаңартылған бағдарлама – 1 педагог (8%)

Басқа курстар – 2 педагог (12%)

 

Педагогтардың білімі туралы мәлімет

Оқу жылдары

Барлық педагогтар

Мектепке дейінгі жоғары білім

Жоғары пед.білім

Мектепке дейінгі арнаулы орта білім

Арнаулы орта білім

2025-2026

14

3(23%)

 

1(8%)

10 (77%)

 -

Біліктілік санаты бойынша кадрларға мінездеме

Оқу жылдары

Педагогтар саны

Жоғары

Бірінші

Екінші

Модератор

 

Зертеуші

 

Санаты жоқ

2025-2026

14

0

0

0

4 (33%)

0

10 (77%)

Жоғары, екінші, , педогог-зертеуші санаты жоқ

Мектепке дейінгі ұйым әкімшілігі педагогтардың біліктілік санатын көтеруге көп көңіл бөледі.

Оқу жылдары

Педагогтар саны

«Өрлеу» БАҰО

«Педагогикалық шеберлік» орталығы

Басқа курстар

2025-2026

14

12

0

2

Өткен оқу жылында облыстық біліктілікті арттыру институтында қайта даярлау және біліктілікті арттырудың курстарынан 10 (70%) педагог білім жетілдіру курстарынан өтті.

Педагогтар өздерінің кәсіби шеберліктерін өз бетімен білім алу арқылы арттырады – бұл әдістемелік бірлестіктерге қатысу, өзара байланыс жасау, жаңашыл әдістемелік әдебиеттерді оқу, қалалық және облыстық семинарларға қатысып өз іс-тәжірибесімен бөлісу және қалалық, облыстық әдістемелік орталықтың қолдауымен әдістемелік жинақтырын баспадан шығару, қалалық, облыстық, республикалық баспаларға өз мақалаларын кеңестерін және ашық ҰОҚ-ін жариялау.

ЖШС ЕСКАМ« Өркен» балабақшасында іс-жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Балабақшамызда кадрлардың жеке іс-қағаздары талапқа сай жүргізілген. Жеке іс қағаздарда кадрларды жұмысқа алу өтініштері, өмірбаяны, жұмысқа қабылданғандары туралы, жеке куәлігінің көшірмесі, еңбек кітапшалары, біліктілік арттыру курстарынан өткен сертификаттары және біліктілік санаты туралы бұйрықтарының көшірмелері барлығы жинақталған. Негізгі қызмет жөніндегі, жеке құрам бойынша бұйрықтар кітаптарының жүргізілуі талапқа сай. Мектепке дейінгі ұйымда кадрлардың еңбегін бағалау жұмыстары жақсы атқарылған.

Болашағымызды тәрбиелеуде өз үлесін қосу мақсатында «ЕСКАМ» ЖШС «Өркен» балабақшасы қосымша кабинеттер жабдықтап, іске қосу жоспарлануда. Салауатты, дені сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында спорт залы, музыка залы қажетті құрал – жабдықтармен жасақталды. Бұл күнде балабақшада балаларды мектепке дайындау үшін ерте жастан тілдерді үйрету, және ақпараттық техналогияны меңгерту бағдарламасы бойынша қосымша білім беру жолға қойылған.

Баланың ерекшеліктерін ескере отырып ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуда инклюзивті білім беру талаптарын орындау;

«Өркен» балабақшасы 2025-2026 оқу жылдарында инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар тәрбиеленушілер тәрбиеленбейді.

 

Баланың даму мониторингін қамтамасыз ету; Балабақша меңгеруші және әдіскер педагогикалық ұжымның жұмысын басқарады, медициналық, қызмет көрсету персоналының жұмысын ұйымдастырады. Өз жұмысында циклограммаларды, педагогикалық жұмысты талдау бойынша жадынамаларды қолданады.

Педагогикалық жұмысының мониторингі ұжымның қызметін бақылауға, ұжым алдында көптеген міндеттерді қарастыруға, бөлуге, өз көмекшілеріне міндеттерді жүктеуге, әріптестердің жұмыс тәжірибесін қолдануға мүмкіндік береді. Осылайша басқару қызметінің сапасы артады. Барлық педагогтардың, меңгерушінің өзара іс-әрекетке қатысу дәптерлері бар, ұсыныстар мен пікірлер жазылып таныстырылған. Ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері әр жыл сайын жоспарланып өткізілген, материалдары жинақталған. Басшылықтан бақылауға алынып отырады.

Нормативтік құжаттармен де тиісті жұмыстар жүргізіледі. Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі жиналыстарда, педкеңестерде, барлық қызметкерлерді ҚР Президентінің Жолдауымен, ҚР Заңымен таныстырады.

Баланың даму мониторингі қамтамасыз ететін және оның жеке даму карталарын жас ерекшелігіне сай жасақталған.

 

«ЕСКАМ» ЖШС «Өркен» бөбекжай-балабақшаның зияткерлік, шығармашылық байқау жетістіктері 2025-2026

Ақтөбе қаласының білім бөлімінің басшысы М.Қосымбаевадан АЛҒЫС ХАТ.

  • Республикалық балалар мен жастар шығармашылық байқауы «Жас өнерпаз» 2025 жыл. Бас жүлде иегері.
  • Ақтөбе облыстық балалар театр фестивалі 2025 жыл ДИПЛОМ
  • «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» Республикалық байқауының қалалық кезеңінде «Мейірімді отбасы » номинациясы бойынша АЛҒЫС ХАТ
  • Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі АЛҒЫС ХАТ
  • «ПРИМУС» халықаралық шығармашылық марафоны ДИПЛОМ
  • Білім нұры республикалық Байқау ДИПЛОМ

2023-2024 оқу жылында «Педагогтардың шыңдалуы» Республикалық ғылыми –әдістемелік танымдық  журнал баспасына балабақшамыз туралы  мақалаларымыз жарияланды.

 

Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің көлеміне, оқу-әдістемелік жұмыстар

« Өркен» балабақшасының мақсаты:

  • Әлеуметтік ортада балабақшаның беделін арттыру және бәсекеге қабілеттігін дамыту.
  • Педагог мамандардың жаңаша кәсіби ойлауын қалыптастыру.
  • Кәзіргі заман талабына сай,әлеуметтік бейімделе алатын,үнемі білім алуға,және алған білімін кеңейтуге ұмтылатын, дені сау, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу үшін – білім беру ортасын құру.

Балалардың денсаулығы мен психологиялық ахуалын қамтамасыз ету;

  • Рухани-адамгершілік тәрбие мазмұнын құрайтын жалпы адамгершілік құндылықтарға баулу;
  • Күнделікті бірлесе атқаратын іс-әрекеттер барысында баланың бойын адамгершілік қарым-қатынасқа баули отырып, олардың талап-тілектерімен санасу, жанашырлық сезімдерін дамыту;
  • Педагогтар мен ата-аналардың рухани-адамгершілік тұрғыда өсуіне жағдай жасау;
  • Адамгершілік-рухани тұрғыда балаларды жан-жақты тәрбиелеу.
  • Балалардың креативті ойлауын, шығармашылық қиялын және танымдық қабілеттерін дамыту;
  • Баланың денсаулығын сақтау,өз денсаулығын өзі күтуге, дене шынықтыруға мән беруге,балалардың және педагогтердің денсаулығын нығайтуға жағдай туғызу,мүмкіндіктерін қарастыру.
  • Баланың сапалы тәрбие және білім алу құқығын қамтамас ету.
  • Балабақша түлектерінің мектепте оңай бейімделе алуы,балалардың ізгілендіру мен адамгершілік позицияда болашақта өзін-өзі анықтап,өзін –өзі жүзеге асыру үшін оңтайлы жағдай туғызу.
  • Жаңа үлгідегі балабақша моделін құру.
  • Отбасы мен балабақшаның ықпалдастығын дамыту.

Коммуникативтік дағдырлары мен біліктіліктерін арттыру;

Осы алынған міндеттемелер балалармен жүргізілетін оқыту-тәрбие жұмыстарында, оқу қызметтерінде жүзеге асырылады.

2025-2026 оқу жылындағы оқу жұмыс жоспарының мазмұны Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына сәйкес құрылған.

Типтік оқыту жоспары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту негізгі ережелер 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы (толықтырулар мен өзгерістер енгізілген №182 05.05.2020 ж.) негізінде,«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыз № 499 бұйрығы,«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы (толықтырулар мен өзгерістер енгізілген №195 12.05.2020 ж.), сонымен қатар «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында және мектепалды даярлық сыныптарында 2021-2022 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы» әдістемелік-нұсқау хатын негізге ала отырып құрылды.

2025-2026 оқу жылының жүктеме сағаттары. Білім салалары бойынша

Ортаңғы топ: «Дене тәрбиесі» - 3 сағат, күн сайын, «Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет»- күн сайын, қазақ тілі – 1 сағат, «Математика негіздері » - күн сайын, «Шығармашылық» - күн сайын , музыка 1- сағат, «Қоршаған әлеммен таныстыру» -күн сайын ;

Ересек топ: «Дене тәрбиесі » - 3 сағат, «Сөйлеуді дамыту және көркеи әдебиет» - күн сайын, қазақ тілі – 1 сағат, «Математика негіздері» - күн сайын, «Шығармашылық» -күн сайын, музыка 1-сағат, «Қоршаған әлеммен таныстыру» - күн сайын;

Мектепалды тобы: «Дене тәрбиесі» -3 сағат , «Сөйлеуді дамыту»- 2 сағат, «көркем әдебиет» 2-сағат, қазақ тілі – 2 сағат, сауат ашу негіздері- 3 сағат «Таным» - 3 сағат, «Шығармашылық» - музыка -2 сағат, сурет – 1 сағат , «Қоршаған әлеммен таныстыру» - 2 сағат; барлығы -20 сағат. 

МДҰ педагогтары адаптивті бағдарламаларды жасап өңдеді.

2025 – 2026 ж. қалалық сараптау комиссиясымен бекітілген адаптивті бағдарламалар

Бағдарлама

Мақсаты

Авторы

Бетілілген уақыты, бұйрық №

1

«Қызықты математика »

Мектеп жасына дейінгі баланың жеке тұлғасын, танымдық іс – әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерту, санауға, ажырата білуге, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйрету.

Өтеулиева Ұ.Ж.

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің №573 15.09.2020 жылғы бұйрығымен бекітілді

2

Сауат ашу әлеміне саяхат

Жас ерекшелігіне сай танымдық іс – әрекет дағдыларын меңгерген, әлемнің тұтас бейнесін түсінуге ақпаратты күнделікті өмірлік мәселелерді шешу де ұолдануға қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

 

Оразақай Аяжан Мейрамқызы

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің №400 29.08.2024 жылғы бұйрығымен бекітілді

Ұжыммен шешілетін жылдық жоспар өзекті болып табылады, графикалық түрде ұсынылады. Педагогикалық жұмыстың нәтижесін арттыру мақсатында түрлі формада педагогикалық кеңестер,кеңес берулер, тренингтер өткізіледі. Әдістемелік жұмыстар диагностика, оқу-тәрбие жұмысын талдау, педкадрларды кәсіби даярлау деңгейі негізінде жүзеге асады. Педагогтар өз жұмыстарында жаңашыл әдістемелерді, әдіс-тәсілдерді, формаларды қолданады.

«Өркен» -балабақшасы тәрбиеленушілер жетістіктері

2025-2026 оқу жылындағы тәрбиеленушілердің жетістіктері

  • «Білім қазына» Республикалық байқауының «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» Республикалық байқауында «Мейірімді отбасы» ГРАМОТА
  • Республикалық балалар мен жастар шығармашылық байқауы І дәрежелі Диплом
  • Республикалық балалар мен жастар шығармашылық байқауы «Нұржауған - 2025» Диплом
  • Республикалық балалар мен жастар шығармашылық байқауы ДИПЛОМ 2025 ж.
  • «Өрлеу» Республикалық орталығы «Абай оқулары» Республикалық көркемсөз байқауы
  • Республикалық балалар мен жастар шығармашылық байқауы ғылыми-әдістемелік орталығы «Абай оқулары» Республикалық хореография байқауы ДИПЛОМ 2025 ж.
  • «Жас өнерпаз » атты Республикалық балалар мен жастар шығармашылық байқауы ДИПЛОМ 2025 ж.
  • «ONER FESTIVAI» Республикалық хореография байқауы АЛҒЫС ХАТ 2025 ж.
  • «Тәуелсіз Қазақстан» Республикалық балалар мен жастар шығармашылық байқауы І дәрежелі ДИПЛОМ - 2024ж.
  • Ақтөбе облыстық балалар театр фестивалі 2025 жыл ДИПЛОМ
  • «Хормен ән салу» қалалық байқауында «Вокалдық шығарма» номинациясы Ақтөбе 2004.
  • «Бояулар құпиясы » Республикалық ғылыми – танымдық конкурсында ДИПЛОМ -2025 ж.
  • «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» ұйымдастырған «Менің сүйікті қалам» атты Республикалық шығармашылық көркем сурет
  • «Білім қазына» Республикалық байқауының «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» Республикалық байқауында «Мейірімді отбасы» ГРАМОТА
  • Республикалық балалар мен жастар шығармашылық байқауы І дәрежелі
  • Республикалық балалар мен жастар шығармашылық жеңімпазы
  • Ақтөбе қаласының ұйымдастыруы «Асық ату» 2025 ж. Алғыс хат
  • «Дарынды бала – 2024 » Ақтөбе қаласының білім бөлімінің ұйымдастырылуымен Алғыс хат – 2024 ж.

Әр оқу жылында -балабақша педагогтары түрлі тақырыптағы халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, байқауларға

 

қатысып, жұмыстанады. Балабақша әдіскері, педагогтары мен психологы педагогтардың білімдері мен тәжірибелерін шыңдау мақсатында әр түрлі жұмыс түрлерін өткізуде. «Балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуды жалғастыра отырып рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру» іскерлік ойын, «Мектепке дейінгі мекемеде күннің ІI жартысында ұлттық ойындар ұйымдастыру» тақырыбындағы тәрбиеші жас мамандармен өз іс тәжірибесімен бөлісіп отырды. педагогтармен «Құм терапиясы – денсаулықты нығайту құралы ретінде», «Балабақшаның экологиялық бағыттағы даму жолдары», «Бала тәрбиесіндегі халық педагогикасының тәрбиелік мәні» тақырыбында жүргізген әдістемелік отырыстары, «Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіннің әртүрлі қасиеттерін зерттеуге арналған әдістемелер» тақырыбындағы кеңесі, «Мектеп жасына дейнгі балалардың дұрыс дене бітімін қалыптастыру» тақырыбындағы кеңесі, «Мектепке дейінгі білім беруде Монтессори ойын технологиясын тиімді пайдалану» шебер-классы, педагогикалық кеңестерде көрсетілген «Балабақшадағы триз ойын түрлері», « Сахналау түрлері -баланың шығармашылығын дамытушы құрал», « мектепке дейінгі жастағы балалармен дидактикалық ойындар», музыка жетекшісінің «музыка арқылы эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негізі» кеңесімен, өз тәжірибелерімен бөлісті. Бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған түрлі шаралар баланың тұлға болып қалыптасуына бағытталған. Олар: балаларымен жүргізілген «Орманға саяхат» , «Тапқыр достар» ашық қаралым, музыка жетекшісі «Музыка әлеміне саяхат» ашық оқу қызметі, «Дені саудың жаны сау», «Рәміздерім мақтанышым», «Толағай!», «Білім күні», «Қарты бар үйдің қазынасы бар», «Ұстаз, сізге мың алғыс!», «Арайлы алтын күз», «Тәуелсіздік тұғырым », «Қош келдің, жаңа жыл!», «Алғыс айту күні», «8 наурыз – көктем мерекесі», «Наурыз, төрлет төріме!», «Күлкі күні», «Ғарышкер күні», «1 – мамыр бірлік пен ынтымақ күні», «Отан қорғаушылар күні», «9-мамыр Жеңіс күні», «Балабақшамен қоштасу» мерекелік шаралары мен ертеңгіліктері. Аталған мерекелерге сәйкес бөбекжайда ата-аналардың қатысуымен көрмелер ұйымдастырылады.

Ата-аналармен жұмыс түрлері жоспарға сай өтіп тұрады. «Өнерлі жұп» байқауы, «Отбасы күні», «Туған жерге тағзым!», «Төрлет, Наурыз, төріме!» мерекелері, «балабақша барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы» тақырыбындағы жиналысы, «Қысқы әдемі алаң!» спорттық эстафетасы байқауы.

Жаңадан қабылданған балалармен және оның ата-аналарымен бейімделу бойынша жұмыстар жүргізілуде.Баламен жеке жұмыстар, ата-аналарға, күн тәртібінің маңызы түсіндіріліп, «Балабақшадағы бейімделу кезіндегі ата-ананың рөлі» тақырыптарында кеңестер берілді.Өтпелі кезең дағдарысынан оңтайлы өтулеріне жағдай жасап,профилактикалық шаралар өткізіледі. Психологиялық кеңестер,тренингтер арқылы ата-анамен жұмыстар жүргізілді. «Балабақшаның ашық есік күні», «Балабақша мен ата аналар арасындағы ынтымақтастық!» психологиялық тренингтер өткізіліп, нәтижесінде ата-аналарды балабақша белсенді қатысуға шақырдық.

Балабақшамызда тәрбиешілері баламен жұмыс жасау барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келеді. Бейнелеу қызметінің дәстүрлі емес әдістері бойынша жүйелі нәтиже қорытындысын шығарды; үлгі, ауызша нұсқаулық бойынша тапсырмаларды орындай алу, қолдың ұсақ моторикасын дамытуда жаңа технологиялардың элементтерін пайдаланып,сөздік қорларын молайтуда жаттығулар кеңінен қолданылады. Бейнелеу қызметінің дәстүрлі емес әдістер қолдануда.

Оқу-тәрбие жұмысы

Барлық топтарда МЖМБС білім беру салалары бойынша жабдықталған :

«Дене тәрбиесі » білім саласы бойынша:

Балалардың өз бетінше қимыл-қозғалыс іс-әрекеттеріне,баланың дене бітімі мен психикасын қолайлы сезінуін қамтамасыз ететін, қимылды ойындар жиынтығы, доптар, атрибуттар, табан бұлшық еттерін жетілдіруге арналған, массажды төсеніштер түрлі пішіні, ойын материалдары бар.

Мәдени-гигиеналық әдеттері мен дағдыларын кеңейтіп,жетілдіруге арналған сауықтыру-шынықтыру шаралар жоспары белгіленген.

 

«Қатынас» білім саласы бойынша:

Балалардың ойын технологиялары негізінде тілдерді ерте үйренуге арналған көркем әдебиеттермен ертегі кейіпкерлерімен театр бұрышымен қамтамасыз етілген

 

«Таным »білім саласы бойынша:

Әр баланың танымдық іс-әрекетінің жеке дамуына әсер ететін сенсорлық-дидактикалық ойындары (мозайка, домино, құрастырулар, пазл түрлері,геометриялық пішін түрлері, әр түрлі конструкторлар) және қоршаған орта мен табиғатты ересектермен бірлесе зерттеуге арналған табиғат бұрыштары жабдықталған.

 

«Шығармашылық» білім саласы бойынша:

Тәрбиеленушілердің жас шамасын ескере отырып,бейнелеу құралдарының түрлерімен мен музыкалық аспапттармен, ертегі және әңгімелер тыңдауға арналаған дидактикалық ойындармен жабдықталған.

 

«Әлеумет» білім саласы бойынша:

Бейімделу процесіне ықпал ететін, мінез-құлықтың қарапайым ережелерін сақтай отырып,өз құрдастарымен ынтымақтастылыққа тәрбиелейтін жағдай жасалған. Жыл мезгілдері, үй және жабайы жануарлар жинағы,ұлттық бұрыштар ,ойындар,ыдыс-аяқтармен жабдықталған.

 

Тәрбиеленушілердің контингенті

Мектепке дейінгі «Өркен» ұйымында жалпы тізім бойынша –168 бала. Балалардың құрамы 3-5 жас аралығын қамтиды, барлығы 7 топ. Топтардағы балалар санының орташы тығыздығы - 25 бала. Балалар қозғалысы кітабы жүргізіледі

бала қатысымы:

2025 жыл – 95 %

Тоқсан сайын және ай сайын балалардың қатысымы мен науқастануы есепке алынып қортындыланып отырады.Ата-аналармен жасалған келісім шарттары бар. Балалар қозғалысы журналы, жолдамаларды тіркеу, балалар мен ата-аналар құжаттарын тіркеу журналдары талапқа сай жүргізілген.

Жас кезеңіне сәйкес тәрбиеленушілер жетістіктерінің мониторингі (қорытынды) нәтижелері:

Балалардың біліктері мен дағдылары дамуының 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың дамуын бағалау жүйесі және индикаторлар құрылымы бойынша жүргізілген. Бағдарламаның барлық бөлімдерін қамтылуы бойынша:                            «Өркен» балабақша балаларының біліктері мен дағдыларын дамуын бақылау қорытынды мониторинг нәтижелері туралы қамтылуы бойынша 2025-2026 оқу жылы

Топ атаулары

Бала саны

І денгей

ІІ денгей

ІІІ денгей

Бастапқы

168

78

60

30

Аралық

168

 

 

 

Қорытынды

168

 

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, сабақтастық пен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету;

«Өркен» балабақшасы жылдық жоспарына сәйкес мекемелермен бекітілген «№45 орта мектебі» оқу жылдарына құрылған қарым-қатынас жоспарымен жұмыс жүргізіледі.

Ғылыми-тәжірибелік байланыс Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің білім жетілдіру институты, және ҚББ, әдістемелік кабинет, Мәдени-тәрбиелік байланыс Т.Ахтанов атындағы драма театры , «Алақай» қуыршақ театры, планетарий мекемелерімен жұмыс жүргізіледі.

Мектепке дейінгі ұйымда сауықтыру-шынықтыру, эстетикалық, сөйлеу, ақыл-ой, танымдық дамуының белгілі жағдайлары жасалған.

Жылдық жоспар жұмысының талдануы, педагогикалық кеңестер жылдық жоспарға сай өткізілген, хаттамалары жазылып нөмірленген, мөр басылған. Педагогикалық кеңес тақырыптары дұрыс қойылған. Бұл іс-шаралар оқу–тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға, жылдық міндеттерді шешуге бағытталған.

Материалдық - техникалық және әлеуметтік базасы:

 

«ЕСКАМ» ЖШС « Өркен» бақшасында балаларды сауықтыруға және денсаулығын дамытуға, жан – жақты оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға барлық жағдай жасалынған.

Балабақшасының әкімшілігі материалдық-техникалық базаның нығаюына көңіл бөледі. Балабақшада дене тәрбиесі мен музыка залдары бөлек - бөлек орналасқан, сондай-ақ меңгеруші, әдіскер, медициналық кабинет, қазақ тілі, психолог кабинеттері талапқа сай жабдықталған.

«Өркен» балабақшасы және ата-ананың барлық қарым-қатынасы негізінде келісім шарт арқылы жүргізіледі. Онда ата-ананың төлем ақысы (тамақтану, балабақша міндеті, ата-ана міндеті) көрсетілген.

 Музыка және спорт залдары қажетті құрал жабдықтармен толық қамтылған.

Ән мен би жетекшісі: Сисенбаева Ләззат Мергенбайқызы

Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Музыкалық білім» мамандығының иесі, қосымша би жетекшісі болып қызмет етеді. Еңбек өтілі 5 жыл.

 

Медицина қызметкері: Барбеева Жанылдык Султановна

Білімі: медецина арнаулы орта

Мамандығы: медбике

Еңбек өтілі: 21 жыл

Медбике әр айда 10 күн балаларға кислародты коктейль беріп, массаж түрлерін балалардың жас ерекшеліктеріне қарай 10-15 минут ережесіне сәйкес сауықтыру-шынықтыру шараларын жүргізеді

Балабақшаның материалдық базасы жыл сайын толықтырылып отырады. Оқу-тәрбие жұмысына қажетті теледидар, видео, интерактивті тақта, музыка орталығымен барлық топтар жабдықталған. Балабақшада 4 компьютер, 1 ноутбук, 1 түрлі түсті принтер (А3-фармат және А4 –фарматты), 4- жай принтер, 1- сканер, 4- ксеро көшірме, 1 -ламинатор аппараты, 1- переплет аппараты бар. Топтар парта, отырғыш, кереует, тақта, шкафтармен толық жабдықталды. Барлық топ ойыншықтармен, жиһаздармен және сюжетті ойын бұрыштары жиһаздарымен жабдықталған. Топтарда ойын бұрыштары мемлекеттік стандарт талаптарына сай 5 білім саласы бойынша безендірілген.

Балабақша қажетті тұрмыстық бұйымдармен: 3 кір жуатын машина, 5 тоңазытқыштар, су сүзгісі (фильтр) құралы, ауа баптағыш , 2 үтіктейтін аппарат, т.б. жабдықталған. Төсек орын әр балаға 2 данадан, ыдыстар барлық топтарда жеткілікті, үнемі жаңартылып, толықтырылып отырылады. Медициналық бөлме, асхана бөлмесі қажетті құралдармен жаңартылып талапқа сай жабдықталған, СанПин талаптарына сай. 

«Өркен» бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес оқу жылы барысында педагогикалық кеңес ұйымдастырылған. Педагогикалық кеңес отырыстарына хаттама толтырылған. Педагог кадрлар жұмыстарының сұрақтары әкімшілік педагогикалық кеңестерде, кәсіподақ және өндірістік отырыстарда қарастырылады. Педагогикалық процестің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі –жұмыс нәтижесін сараптау болып саналса, мектепке дейінгі ұйымда әр жылға оқу- тәрбие жұмысының қорытындысы бойынша педагогтар мен тәрбиеленушілердің мониторингі жасалған.

МДҰ әкімшілігі қауіпсіздік техникасын, өрт қауіпсіздігі ережелерін, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау нұсқауын сақтауды қатаң назарға алады. Тоқсан сайын қызметкерлермен нұсқаулықтар жүргізіледі.

МДҰ әкімшілігі мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңарту, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру жұмыстарын жүйелі және жоспарлы түрде жүргізеді.

 

Әкімшілік-басқару қызметкерлер құрамы

Әкімшілік –басқару қызметкерлерінің құрамы штаттық кестеге сай жұмыс жасайды. Әкімшілік –басқару қызметкерлер құрамы төмендегідей:

«Өркен» балабақшасында меңгеруші қызметін Жылкайдарова Гульбану Бакытжановна атқарады. Педагогикалық еңбек өтілі -21 жыл. Осы аталған мекемеде 01.11.2018 жылдан қызмет етеді. Білімі – жоғары:

Қ. Жұбанов Атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті (2003 – 2008жж)

Баишев университеті (2018 – 2020жж)

Мамандығы: мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

ҚР «Знание Ақтөбе» оқу орталығы куәлік 2022ж

Мамандығы: логопед - дефектолог

Басқару қызметін талдауы басшы мен әкімшілікпен, педагогтар арасында өзара анықталған қарым-қатынаста аналитикалық жұмыс жүйесін түсінікпен орындалатынын көрсетеді. Басқару қызметі педагогикалық ұйымның шапшаңдылығына және әр түрлі құбылыс қызметі туралы басқа түрдегі ақпаратпен негізделеді.

Әдіскер – Изтлеуова Бахтыгул Бисенқызы «Өркен » балабақшасының әдіскерлік қызыметін атқарады. Педагогикалық еңбек өтілі – 14 жыл. Осы аталынған мекемеде 01.09.2024 жылдан бастап жұмыс жасайды. Білімі – жоғары.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, мамандығы «тарих және география» пәнінің мұғалімі 2005 ж., Болашақ колледжісі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы 2018 жыл.

Медбике – Барбеева Жанылдык Султановна білімі арнаулы орта, Ақтөбе медицина

Барлық атқарушылардың жауапкершілік деңгейін қамтамасыз ететін әкімшілік мүшелерінің арасында функционалды міндеттері белгіленген. Меңгерушінің нормативті құжаттарға арналған жинақ папкісі бар. Меңгерушіге қажетті барлық құжаттары талапқа сай. Бұйрықтар кітаптары сауатты жүргізілген. Мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жоспар бойынша жұмыстар жүргізілген. Мектепке дейінгі ұжымда салауатты психологиялық жақсы ахуалды қарым-қатынас қалыптастырылған.

 

« Өркен» балабақшасы

Спорттық сауықтыру байланысы

Ғылыми-тәжірибелік байланыс

Мәдени-тәрбиелік байланыс

«ГКП городская поликлиника №5»

ҚББ, әдістемелік кабинет,

Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің білім жетілдіру институты, және №45 орта мектеп-лицейі

Т.Ахтанов атындағы драма театры , «Алақай» қуыршақ театры, «Өлке тану» мұражайы, облыстық планетарий

 

 

 

 

Мектепке дейінгі ұйымда сауықтыру-шынықтыру, эстетикалық, сөйлеу, ақыл-ой, танымдық дамуының белгілі жағдайлары жасалған.

Жылдық жоспар жұмысының талдануы, педагогикалық кеңестер жылдық жоспарға сай өткізілген, хаттамалары жазылып нөмірленген, мөр басылған. Педагогикалық кеңес тақырыптары дұрыс қойылған.Бұл іс-шаралар оқу–тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға, жылдық міндеттерді шешуге бағытталған. Театр түрлерін қолдану, балалардың логикалық қабілетін дамыту іс–әрекеттерінде инновациялық технологияларын ендіру және жетілдіру, тыңдау қабілетін, сөзді дыбыстық талдау машықтары, дұрыс әрі анық сөйлеу дағдыларын жетілдіру, балаларды әңгімелеуге үйрету, отбасымен байланыс жасау, сауықтыру-шынықтыру іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру сұрақтарына көп назар аударылады. 

Ұсыныстар:

  1. Педагогикалық құрамының сапасын одан әрі жақсарту мақсатында педагогтардың «өз білімін жетілдіру» бойынша білім алуларына және мамандарын жоғарылату жағдай жасау.
  2. Педагогтардың санаттық деңгейін көтеру жұмыстары жалғастырылсын.
  3. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілсін.

4.Тәрбиеленушілердің білім көрсеткіштерінің сапасын арттыру бағытында жұмыстар күшейтілсін.

  1. Барлық топтарда білім беру салаларының мазмұнына сай пәндік-дамытушы ортаны толықтыру.

6.Ата-аналар мен педагогтар арасында жүйелі түрде шаралар өткізіліп тұрсын.

  1. Ұлттық бұрыштарды безендіру күшейтілсін

8.Әдістемелік бөлме әдістемелік құралдармен толықтырылсын.

Қорытынды:

Мектепке дейінгі ұйымның басқару қызметі «жақсы» деңгейде деп есептелсін.

Комиссия «Өркен» балабақшасы» өткен өзін-өзі аттестаттауды негізге ала отырып, төмендегідей шешім қабылдады:

 «Өркен» балабақшасы мәртебесіне сай деп есептелсін.

 

Комиссия төрайымы: 

«ЕСКАМ» ЖШС директоры: Кудайбергенова Г.Ж.

 

Комиссия мүшелері:

«ЕСКАМ» ЖШС «Өркен» балабақшасы меңгерушісі: Жылкайдарова Г.Б

«ЕСКАМ» ЖШС «Өркен» балабақша әдіскері : Изтлеуова Б.Б.

«ЕСКАМ «ЖШС «Өркен» балабақша тәрбиешісі: Сисенбаева Д.М.

 

Хатшы: Шайгозова Ә.А.